Франция президенті Эммануэль Макрон Нью-Йоркте қызық жағдайға тап болды. Оның кортежін америкалық полицейлер тоқтатқан. Себебі бұл уақытта жолдан АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежі өтіп бара жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі BFMTV-ге сілтеме жасап.
Оқиға 22 қыркүйекте Макрон БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында сөз сөйлегеннен кейін болған. Ғимараттан шыққанда француз лидері Трамптың кортежі өтіп кеткенше көшеде күтуге мәжбүр болған.
"Кешіріңіз, президент мырза, қазір бәрі жабық", – дейді полицей жақындап келе жатқан кортежді қолымен нұсқап.
Жарияланған кадрларға сәйкес, дәл сол сәтте Макрон америкалық әріптесіне қоңырау шалған.
"Ойлашы, мен қазір көшеде күтіп тұрмын, өйткені бәрі сен үшін жабық тұр", — деп қалжыңдайды Макрон телефон арқылы сөйлескенде.
🔵 Emmanuel Macron contraint d’appeler #DonaldTrump à New York pour pouvoir rentrer à l’ambassade Française. Le président est bloqué par des policiers américains qui sécurisent le convoi de son homologue.
— Alexis Delafontaine (@ADelafontaineE1) September 23, 2025
(Source @brutofficiel) pic.twitter.com/Y0kx3BC6d6
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!