Кесікбаевтың қайын атасына ақша жымқырды деген айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кесікбаевтың қайын атасына ақша жымқырды деген айып тағылды Наджиб Разак. © REUTERS

Куала-Лумпур соты Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наждиб Разакқа заңсыз ақша жымқырды деген айып тақты. Бұл туралы The Star газетінің интернет-нұсқасы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куала-Лумпур соты Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наждиб Разакқа заңсыз ақша жымқырды деген айып тақты. Бұл туралы The Star газетінің интернет-нұсқасы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Газеттің мәліметінше, экс-премьерге үш оқиға бойынша айып тағылып жатыр. 

Куала-Лумпурдың сот алқасының өкілдері сотта экс-премьерден кінәсін мойындайтыны жайлы сұрақ қоймаған. Олар істі бірден Жоғарғы сотқа жолдаған. Қазіргі уақытта осы іс осыған дейінгі айыптаулармен қосылып, сот өндірісіне алынған.

4 шілдеде  Наждиб Разакқа артылған сенімді асыра пайдалану және оның банк шотында аса ірі көлемде ақшаның табылуына байланысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бойынша айыптар тағылған болатын. Нәтижесінде бұрынғы премьер-министр қамауға алынып, кейінірек ақшалай кепіл беріп уақытша босатылған еді.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Данияр Кесікбаевтың қайын атасының үйінен 30 миллион доллар тәркіленгені хабарланған болатын. Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разактың төрт резиденциясына екікүндік тінту барысында әр түрлі валютада 30 миллионнан аса АҚШ доллары табылған еді. 

Тінту шаралары Наджиб Разак құрған 1MDB мемлекеттік инвестициялық даму қорының жемқорлық ісіне байланысты жүргізілген. Тергеу мәліметінше, сол қордан тоғыз жыл ішінде 3,7 миллиард доллар жоғалып кеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети