Кездейсоқ уақиға: Қыз бала 13 шақырым биіктікте босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кездейсоқ уақиға: Қыз бала 13 шақырым биіктікте босанды © newsturk

7 сәуірде, жұмада Turkish Airlines компаниясы ұшағының бортында бірегей жағдай болды, - деп хабарлайды "Новости Турции" DHA агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

7 сәуірде, жұмада Turkish Airlines компаниясы ұшағының бортында бірегей жағдай болды, - деп хабарлайды "Новости Турции" DHA агенттігіне сілтеме жасап. 

Boeing 737-900 лайнері Конакри (Гвинея) - Уагадугу (Буркина-Фасо) - Стамбул (Түркия) бағытында ұшып бара жатқанда, бір жолаушы қыз дүниеге бала алып келді. Ұшақ қызметкерлері 13 шақырым биіктікте қызды босандыруына тура келді. Әйел адам тұрып босанған. Жаңа туылған сәбидің анасы - Гвине тумасы Диаби Нафи. 

Әйел адам нәрестесімен бірге Буркина-Фасоға тоқтаған бетте ауруханаға жеткізілген. Кадижа есімі берілген қыздың денсаулығына еш қауіп жоқ. Осы жағдайдың куәгері болған жолаушылар мен Turkish Airlines командасы әлеуметтік желілерде суреттерін жариялаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети