КХДР билігі елдегі COVID-19 жұқтырған алғашқы жағдай туралы мәлімдеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

КХДР билігі елдегі COVID-19 жұқтырған алғашқы жағдай туралы мәлімдеді Фото ©REUTERS

Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости

Осы уақытқа дейін КХДР билігі елде COVID-19 жоқ деп мәлімдеп келген болатын.

Солтүстік Корея Орталық телеграф агенттігінің (ОТА) ақпараты бойынша, 12 мамырда елде КХДР Еңбек партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының отырысы шақырылып, оған республика көшбасшысы Ким Чен Ын қатысқан.

"2020 жылдың ақпанынан бастап осы күнге дейін екі жыл үш ай бойы эпидемияға қарсы фронт құрылған елімізде төтенше жағдай болды", - делінген хабарламада.

Солтүстік Корея агенттігі Ким Чен Ын төтенше жағдайды "кенеттен туған" деп атағанын айтты.

"Елдің барлық округі мен қаласында, әркім өз аймағын жауып, (...) қатерлі вирустың таралу жолдарын мұқият жабыңыздар. (...) Біз кенеттен туған дағдарысты еңсереміз және вирусқа қарсы күресте міндетті түрде жеңеміз", - деп бұйырды ол.

Айта кетейік, 8 мамырда Пхеньянда науқастардан алынған сынақ нәтижесі BA.2 коронавирусын, яғни омикрон штамын көрсеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети