29 қараша 2020 | 16:05

КХДР билігі коронавирустың жаппай таралуын жасырып отыр - дәрігер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

КХДР билігі коронавирустың жаппай таралуын жасырып отыр. Бұл туралы Сеулде өткен баспасөз конференциясында 8 жыл бұрын Солтүстік Кореядан қашып келген дәрігер мәлімдеді, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Иконка комментария блок соц сети

КХДР билігі коронавирустың жаппай таралуын жасырып отыр. Бұл туралы Сеулде өткен баспасөз конференциясында 8 жыл бұрын Солтүстік Кореядан қашып келген дәрігер мәлімдеді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазір Чой Чон Хун Седжондағы Корея университетінде жұмыс істейді. Дәрігердің болжамы оның тәжірибесіне негізделген. Ол 2002-2003 жылы атиптік пневмония эпидемиясы кезінде жұмыс істеген.

"Корей Халық Демократиялық Республикасының билігі адамдарға шындықты айтып жатқан жоқ", - дейді ол.

Дәрігер Чой Корей түбегінің солтүстігінде медициналық жабдық жеткіліксіз екенін баса айтты. Биыл "Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық ұйымы Солтүстік Кореяға көмек жібергені ресми түрде жарияланды. Елдің Қызыл Крест ұйымы коронавирусқа 10 мың сынақ өткізуге арналған жабдықтар алды. Дәрігердің айтуынша, барлық көмек Пхеньянда қалады. Сондықтан басқа аймақтарда COVID-19 анықтайтын ешқандай жабдық жоқ.

"Мен КХДР-да коронавирустың кем дегенде 30 мың жағдайы бар екеніне сенімдімін. Солтүстік Корея режимі 30 мыңға жуық адамды оқшаулады деп жариялады. Бұл адамдар Қытаймен шектесетін аймақта тұрады және ондағы шекара қаңтарға дейін ашық болған. Бұл туралы Солтүстік Корея бұқаралық ақпарат құралдары жазбайды. Олар тек Жапонияда коронавирустан қанша адам қайтыс болды, сонша адам АҚШ-та қайтыс болды деп айтады", - дейді Чой Чон Хун.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети