28 қазан 2014 19:01

КХДР-де оңтүстіккореялық сериалдар 50 шенеуніктің өлім жазасына себеп болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстіккореялық сарбаз. ©REUTERS Солтүстіккореялық сарбаз. ©REUTERS

Оңтүстіккореялық сериалдарды қарау мен парақорлық КХДР жетекшілігіндегі 50-ге жуық адамның өлім жазасына кесілуіне себеп болды, - деп хабарлайды РИА Новости Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.


Оңтүстіккореялық сериалдарды қарау мен парақорлық КХДР жетекшілігіндегі 50-ге жуық адамның өлім жазасына кесілуіне себеп болды, - деп хабарлайды РИА Новости Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Ал батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл өлім жазасы Солтүстік Корея басшысының аппаратты 2013 жылы өлтірілген Чан Сон Тхэктің жақтастарынан тазарту саясатымен байланысты. Тхэк - КХДР басшысының ағайыны. 67 жастағы шенеунік Ким Чен Ынның жастау кезінде мемлекет басшысының өкілеттігін уақытша атқаратын регенттік кеңесті басқарды. Ол елдегі "екінші адам" саналды. Тхэк билікті төңкеруге әрекеттенгені үшін сотталып, өлім жазасына кесілді.

Жапонияның "Санкэй" газеті 2014 жылдың ортасында Чан Сон Тхэктің өлім жазасынан кейін биліктегі 200-ге жуық шенеунік пен Тхэктің мыңдаған туысының тұтқындалғанын жазды. Басылымның мәліметінше, олардың тең жартысы өлім жазасына кесілуі тиіс болды. Қалғаны концлагерьлерге жөнелтілген. Солтүстік Кореяда саяси тұтқындардың қатары 80-120 мың адамға дейін жетеді.

Айта кетейік, Қазақстанда БАҚ қайраткерлері оңтүстіккореялық сериалдардағы озбырлыққа қатысты бірнеше мәрте шағым айтқан болатын. Мұндай өнімдерге балама контент жасау үшін КТК арнасының бас директоры Арман Шораев 2013 жылы отандық авторларды субсидиялауды ұсынды. Оның алдында сол кездегі Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед оңтүстіккореялық және түркиялық телесериалдардың қазақстандық арналар эфирінен алып тасталатынын айтты. Министр бұл сериалдардан үнемделген қаржының отандық өнімді дамытуға бағытталатынын айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети