КХДР Оңтүстік Кореямен келіссөздер өткізуге келісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

КХДР Оңтүстік Кореямен келіссөздер өткізуге келісті © golos-ameriki.ru

КХДР қарым-қатынасты жақсарту мен спортшыларының Пхенчхандағы Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін талқылау үшін 9 қаңтарда Оңтүстік Кореямен келіссөз өткізуге келісім берді. Бұл туралы бүгін Корей Республикасының ұлттық бірігіу істері министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Жаңа жылдық жолдауында КХДР басшысы Ким Чен Ын Пхенчхандағы Олимпиадаға сәттілік тілеп, оған Солтүстік Корея спортшыларының қатысуына үміт білдірген. Осыған қатысты Оңтүстік Корея келіссөз өткізуді ұсынды. 

Келіссөздер демилитаризацияланған аумақтағы Пханмунджом келіссөздер пунктіндегі "Бейбітшілік" үйі атты ғимаратта өтеді. 

Оңтүстік пен Солтүстік келісімге келген жағдайда екі тарап та Халықаралық олимпиада комитетімен келіссөз өткізу керек болады.

Соңғы рет КХДР мен Корей Республикасы арасындағы келіссөз 2015 жылы желтоқсанда өткен болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети