Киев Мәскеуге “әуежайларға қатысты“ бітім ұсынбақ

Нұрила Достарқызы
Нұрила Достарқызы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киев Мәскеуге “әуежайларға қатысты“ бітім ұсынбақ Фото:depositphotos.com/ ynos21

Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига Еуроодаққа Ресей мен Украина әуежайларына жасалатын соққылардан өзара бас тарту жөнінде келісім жасасуға көмектесуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Politico басылымына сілтеме жасап.


Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига Еуроодаққа Ресей мен Украина әуежайларына жасалатын соққылардан өзара бас тарту жөнінде келісім жасасуға көмектесуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Politico басылымына сілтеме жасап.

Украинаның Сыртқы істер министрі басылымға берген сұхбатында Киев Ресейдің ірі әуежайларына соққы беруі мүмкін деген алаңдаушылық күшейіп жатқандықтан, Мәскеу келісім жасау мүмкіндігін қарастыруы ықтимал екенін айтты.

Министрдің айтуынша, Киев бейбіт келіссөздердегі "Еуропа үшін жаңа рөлге мұқтаж", өйткені АҚШ бастаған дипломатиялық үдеріс баяулады және Ресей президенті Владимир Путин соғысты тоқтату үшін кеңірек келісімге келуге ынталы емес.

Сибига еуропалық серіктестер мұндай бітім форматын талқылау үшін жеке платформа немесе арнайы топ құруы мүмкін айтқан. Оның айтуынша, Украина президенті Владимир Зеленский бұл идеяны кей еуропалық көшбасшылармен талқылаған.

Сонымен бірге Сыртқы істер министрі Украина келіссөздерде Еуропа АҚШ-тың орнын бассын деп ұсынып отырмағанын атап өтті.

Сибиганың бұл мәлімдемесі бірқатар еуропалық көшбасшының Украинаға қатысты дипломатиялық келіссөздерге Еуропаның тікелей қатысуы қажет екенін айтуы аясында жасалған.

Украина 2022 жылғы 24 ақпанда Ресеймен соғыс басталғаннан кейін азаматтық авиация үшін әуе кеңістігін ресми түрде жапты. Содан бері елде тұрақты жолаушылар әуе рейстері орындалмай келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.58   543.08   6.21 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер