26 тамыз 2019 | 10:42

Киев орталығында гранатометтан оқ атты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киев орталығында белгісіз біреулер "Мостобуд" компаниясының ғимаратына гранатометтан оқ атты, - деп хабарлайды "Информатор".


Иконка комментария блок соц сети

Киев орталығында белгісіз біреулер "Мостобуд" компаниясының ғимаратына гранатометтан оқ атты, - деп хабарлайды "Информатор".

26 тамызға қараған түні ел астанасының әр жерінен естілген дүмпуден қала тұрғындары қатты шошыған. Оқиға Паньковская көшесінің бойындағы ғимаратта болған. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. 

Оқиға 01:00-де болған. Басылым мәліметінше, "Мостобуд" компаниясына тиесілі ғимаратта жарылыс болған. Оқиға болған жерге қарама-қарсы бағытта оқ атылған тубус (қолдан жасалған гранатомет) табылған. Полицейлер мәліметінше, осы қарудан оқ атылған.  

Снаряд ғимараттың төртінші қабатындағы терезеге тиген. Үшінші және бесінші қабаттағы терезелер де шағылған. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. Құқық қорғау органдары ғимаратта не бары туралы нақтылаудан бас тартты. 

Қазіргі уақытта Паньковской көшесінде жолдар жабылды. Оқиға орнында полиция, жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техниктер, кинологтар және жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, дәрігерлер мен құтқарушылар жүр. 

Құқық қорғау органдары екі адамды іздестіріп жатқаны анықталды. Олар белгісіз бағытта мопедпен ізім-ғайым жоғалған. Киевте "Сирена" жедел жоспары іске қосылды. 

13 шілдеде Киевте екі адам гранатометтан "112 канал" орналасқан ғимаратқа оқ атқан. Шабуылдағандар оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер осы істе лаңкестік ретінде қарап жатыр. Украина заңы бойынша кінәлілер 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети