05 желтоқсан 2017 | 14:41

Киевте Грузияның экс-президенті Саакашвили ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS / Valentyn Ogirenko © REUTERS / Valentyn Ogirenko

Киевте құқық қорғау органдары Грузияның экс-президенті, "Движение новых сил" партиясының лидері Михаил Саакашвилиді ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости


Иконка комментария блок соц сети

Киевте құқық қорғау органдары Грузияның экс-президенті, "Движение новых сил" партиясының лидері Михаил Саакашвилиді ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости

"Оны шатырдан ұстап алды", - деп хабарлады саясаткердің пәтерінің кіреберісінде тұрғандардың бірі.

"Оның қайда екенін қазір біз білмейміз, пәтерде немесе басқа жолмен шығарып алмақшы болып жатыр ма, білмейміз... Клиент ұсталды, оның адвокат жалдауға құқы бар", - деп мәлімдеді Саакашвилидің жақтастары.

БАҚ мәліметінше, саясаткерді пәтерінен алып кеткен. Бүгін таңғы уақытта Саакашвилидің үйінде тінту жүргізілген. Бұдан кейін ол сегіз қабатты үйдің шатырына шығып алып, "біреу-міреудің қолы тисе секіріп кететінін" мәлімдеген.

Ал кейін Украинаның Қауіпсіздік Қызметі Саакашвилидің ұсталғанын растады. Айтуларынша, оған "қылмыстық ұйымдардың қатысушыларына болысты және олардың қылмысын жасырды" деген айып тағылған. Сонымен қатар, күдіктіден жауап алу жоспарланған. 

"2017 жылдың 5 желтоқсанында УҚҚ қызметкерлері Украинаның бас прокуратурасымен Украинаның Қылмыстық кодексінің 256-бабының бірінші бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық өндіріс аясында бірлесіп, Киевте Михаил Саакашвилиді тұрғылықты жері бойынша ұстады, оған қылмыс жасады деген күдік мәлімделді. Тергеушілер одан жауап алуды жоспарлап отыр", - делінген УҚҚ хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети