18 ақпанда тың күшпен қайта күшейген Киевтегі тәртіпсіздікте 58 адам ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости. Украина Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, құқық қорғау органдарына 77 адам жеткізілген, олардың 58-і ұсталды. Милиция қылмыстық іс жасаған тағы да 10 адамды ұстау мәселесін қарастырып жатыр. Қазіргі кезде Киевтегі жаппай тәртіпсіздікке байланысты барлығы 40 қылмыстық іс қозғалған. Еске сала кетейік, Киевтегі жаппай тәртіпсіздік Жоғарғы Рада мәжілісі өтуі тиіс кезінде қайта күшейген болатын. Өйткені, оппозиция парламенттік-президенттік басқару жүйесіне көшуді және Конституцияға өзгеріс енгізуді талап еткен еді. Радикальды күштер астананың орталығындағы ғимаратқа басып кіріп, өртеп, күштік құрылымдарға тас және "Молотов қойыртпағын" (жарылғаш заттар) лақтырған. 25 адам қайтыс болды, оның ішінде 10 құқық қорғау органының қызметкері бар. 19 ақпанға қараған түнде бүлікшілер Канада елшілігіне шабуыл жасап және Кәсіподақтар үйін өртеп жіберген. Тіпті ІІМ белгісіз біреулер Печер аудандық милиция басқармасын жарып жібермек болғанын хабарлады. Екі троллейбусты басып алып, онымен көшені жауып тастаған. Айта кетейік, Киевтегі тәртіпсіздік аудандарда да ұласты. Оппозиционерлер Львов облысы, Тернопол мен Луцк қалаларының әкімшілік ғимаратын басып алды. Украинада 20 ақпан қақтығыстан қаза тапқандарға байланысты қаралы күн болып жарияланды.
18 ақпанда тың күшпен қайта күшейген Киевтегі тәртіпсіздікте 58 адам ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости.
Украина Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, құқық қорғау органдарына 77 адам жеткізілген, олардың 58-і ұсталды. Милиция қылмыстық іс жасаған тағы да 10 адамды ұстау мәселесін қарастырып жатыр. Қазіргі кезде Киевтегі жаппай тәртіпсіздікке байланысты барлығы 40 қылмыстық іс қозғалған.
Еске сала кетейік, Киевтегі жаппай тәртіпсіздік Жоғарғы Рада мәжілісі өтуі тиіс кезінде қайта күшейген болатын. Өйткені, оппозиция парламенттік-президенттік басқару жүйесіне көшуді және Конституцияға өзгеріс енгізуді талап еткен еді. Радикальды күштер астананың орталығындағы ғимаратқа басып кіріп, өртеп, күштік құрылымдарға тас және "Молотов қойыртпағын" (жарылғаш заттар) лақтырған. 25 адам қайтыс болды, оның ішінде 10 құқық қорғау органының қызметкері бар.
19 ақпанға қараған түнде бүлікшілер Канада елшілігіне шабуыл жасап және Кәсіподақтар үйін өртеп жіберген. Тіпті ІІМ белгісіз біреулер Печер аудандық милиция басқармасын жарып жібермек болғанын хабарлады. Екі троллейбусты басып алып, онымен көшені жауып тастаған. Айта кетейік, Киевтегі тәртіпсіздік аудандарда да ұласты. Оппозиционерлер Львов облысы, Тернопол мен Луцк қалаларының әкімшілік ғимаратын басып алды. Украинада 20 ақпан қақтығыстан қаза тапқандарға байланысты қаралы күн болып жарияланды.