Украина президенті Виктор Янукович. ©РИА Новости
Еуропалық дипломаттардың Украина президенті Виктор Януковичпен келіссөзі, яғни Франция, Германия, Польша сыртқы істер министрлерінің - Лоран Фабиус, Франк-Вальтер Штайнмайер және Радослав Сикорский жасаған келісім сөздері аяқталды. Әрине ортақ бір шешімге келу өте қиын болды, тіпті бұл келіссөз түннің бір уағына дейін созылды, деп хабарлайды РИА Новости. Кездесудің басты мақсаты елдегі зорлық-зомбылықты тоқтату және саяси дағдарысты реттеу төңірегінде болды. Нәтижесінде келіссөз жүргізушілер дағдарысты реттеуге уағдаласу туралы келісімге келді. "Украина президенті Виктор Янукович, оппозиция көшбасшысы, Европалық Одақ пен Ресей Федерациясы өкілдерінің қатысуымен өткен мемлекеттегі саяси дағдарысты реттеуге қатысты жүргізген келіссөздері аяқталды. Олар дағдарысты реттеуге сөз байласты", - делінген Украина президенті әкімдігінің сайтында жарияланған хабарламада. Бұдан бұрын хабарланғандай, Украина президенті Виктор Янукович мерзімінен бұрын сайлау өткізуге дайын екенін жеткізген. Бұл туралы Польшаның премьер-министрі Дональд Туск мәлім еткен болатын. Алайда президенттің баспасөз қызметі мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлау өткізуге дайын екендігі жөніндегі ақпаратты білмейтін болып шықты. "Кездесуде мен болған жоқпын, ол туралы білмеймін, олардың не айтқанынан да хабарым жоқ", - дейді Украина президенті баспасөз қызметінің басшысы Андрей Лысенко. Сейсенбі күні Киевте жаппай көше тәртіпсіздігі қайта жаңғырған болатын. Агрессиялық көңіл күйде тұрған топ Украина парламентіне дейін басып алуға тырысты. Радикалды топ Киевтің орталық ғимаратына баса көктеп кіріп, көлік доңғалақтарын жағып, милиционерлерге тастар мен жарылғыш заттар лақтырған. Милицияның мәліметі бойынша, тіпті радикалдар қару да қолданған.
Еуропалық дипломаттардың Украина президенті Виктор Януковичпен келіссөзі, яғни Франция, Германия, Польша сыртқы істер министрлерінің - Лоран Фабиус, Франк-Вальтер Штайнмайер және Радослав Сикорский жасаған келісім сөздері аяқталды. Әрине ортақ бір шешімге келу өте қиын болды, тіпті бұл келіссөз түннің бір уағына дейін созылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Кездесудің басты мақсаты елдегі зорлық-зомбылықты тоқтату және саяси дағдарысты реттеу төңірегінде болды. Нәтижесінде келіссөз жүргізушілер дағдарысты реттеуге уағдаласу туралы келісімге келді.
"Украина президенті Виктор Янукович, оппозиция көшбасшысы, Европалық Одақ пен Ресей Федерациясы өкілдерінің қатысуымен өткен мемлекеттегі саяси дағдарысты реттеуге қатысты жүргізген келіссөздері аяқталды. Олар дағдарысты реттеуге сөз байласты", - делінген Украина президенті әкімдігінің сайтында жарияланған хабарламада.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Украина президенті Виктор Янукович мерзімінен бұрын сайлау өткізуге дайын екенін жеткізген. Бұл туралы Польшаның премьер-министрі Дональд Туск мәлім еткен болатын.
Алайда президенттің баспасөз қызметі мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлау өткізуге дайын екендігі жөніндегі ақпаратты білмейтін болып шықты. "Кездесуде мен болған жоқпын, ол туралы білмеймін, олардың не айтқанынан да хабарым жоқ", - дейді Украина президенті баспасөз қызметінің басшысы Андрей Лысенко.
Сейсенбі күні Киевте жаппай көше тәртіпсіздігі қайта жаңғырған болатын. Агрессиялық көңіл күйде тұрған топ Украина парламентіне дейін басып алуға тырысты. Радикалды топ Киевтің орталық ғимаратына баса көктеп кіріп, көлік доңғалақтарын жағып, милиционерлерге тастар мен жарылғыш заттар лақтырған. Милицияның мәліметі бойынша, тіпті радикалдар қару да қолданған.