Киевтегі телемұнараға зымыран соққысы тиген сәттің видеосы жарияланды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киевтегі телемұнараға зымыран соққысы тиген сәттің видеосы жарияланды © Reuters

Украиналық БАҚ 1 наурызда күндіз Киевтегі телемұнараға ресейлік зымырандардың соққысы тигені туралы ақпарат таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиналық БАҚ 1 наурызда күндіз Киевтегі телемұнараға ресейлік зымырандардың соққысы тигені туралы ақпарат таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның сурет, видеосын "Прямой"  және "Суспiльне" телеарналары, сондай-ақ, Страна.ua басылымы жариялады. Видеоға соққы тиген сәт түсіп қалған.

Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің ақпараты бойынша, телемұнараға тиген соққы нәтижесінде бес адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алған.

"Сағат 18:00-де болған, Шевченков ауданындағы Киев теледидар мұнарасындағы оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, бес адам жарақат алды. Жұмыстар жалғасып жатыр", - деді ведомство өкілі.

Жарылыс болғаннан кейін Украинаның орталық телеарналары эфирден жоғалып кетті, кейінірек олардың жұмысы қалпына келтірілді.

"Соққы телемұнарадағы аппараттық хабар таратушыға тиді. Уақытша хабар таратуда проблемалар шықты. Радиостанцияларды тыңдауға болады. Жақын арада резерв хабар тарату қызметі іске қосылады", - делінген Жоғарғы Рада Telegram каналында.

Оқиғадан кейін Киев мэрі Виталий Кличко Украина астанасының тұрғындарына Facebook арқылы үн қатты.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, телемұнараға түскен екі зымыран салдарынан бес бейбіт Киев тұрғыны қаза тапты. Олар мұнараның жанынан тротуармен өтіп бара жатқан. Киевтіктерді көшеде жүрмеуге шақырамын! Мүмкіндігінше, абай болыңыздар. Түнде баспаналарыңызда болыңыздар. Қазір мамандар телемұнараның толық жұмысын қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр. Сандық эфирлік хабар тарату қызметі ішінара қалпына келтірілді. Сондай-ақ, телеарналарды кабель желілері, спутник және онлайн-хабар тарату арқылы қарауға болады. Қаламызды қорғау үшін бірігейік!" - деді бокстан бұрынғы әлем чемпионы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети