Ким Чен Ын мен Си Цзиньпин Бейжіңде кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ким Чен Ын мен Си Цзиньпин Бейжіңде кездесті © REUTERS

КХДР мен Қытай көшбасшылары Ким Чен Ын мен Си Цзиньпин Бейжіңде кездесті, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

КХДР мен Қытай көшбасшылары Ким Чен Ын мен Си Цзиньпин Бейжіңде кездесті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ким Чен Ын ҚХР төрағасы болып қайта сайланған Си Цзиньпинді арнайы құттықтауға келген. "Ким Чен Ын Си Цзипиннің Қытай коммунистік партиясының және қытай халқының қолдауына бөленіп, қайта сайланды. Ол Си Цзиньпинді арнайы құттықтауға келгенін айтып, КХДР мен ҚХР достық қарым-қатынастық дәстүрін сақтау үшін келгенін айтты", - делінген хабарламада. 

Солтүстіккореялық көшбасшы Оңтүстік Кореямен одақтастықты нығайтып, сан жылдар бойы қалыптасқан түсініспестікті реттеуді және екі елдің саммитін өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. "КХДР АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге және екі ел арасында саммит өткізуге дайынбыз", - деді Ким Чен Ын.

Өз кезегінде Қытай көшбасшысы Корей түбегінде соңғы жылы жағымды өзгерістер болып жатқанын айтып, Қытайдың КХДР қабылдаған шешімдерді бағалайтынын айтты. "Екі елдің дос болуына мен куәмін, достығымыз ары қарай дами берсін", - деді Си Цзиньпин.

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын наурыздың 25-нен 28-не дейін Қытайға бейресми сапармен барды. Алайда бұл мәлімет осы күнге дейін құпия ұсталды. Іс-сапарда Ким Чен Ын мен бірге оның жары Ли Соль Чжуда болды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети