24 ақпан 2017 | 11:32

Ким Чен Намның неден уланып өлгені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.ru © vesti.ru

Малайзия полициясы КХДР басшысының ағасы Ким Чен Намның қандай улы затпен өлтірілгені анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.  Бұл улы зат химиялық қару санатына кіретін VX Nerve Agent. Бұл жүйкені сал ететін улы зат. 


Иконка комментария блок соц сети

Малайзия полициясы КХДР басшысының ағасы Ким Чен Намның қандай улы затпен өлтірілгені анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.  Бұл улы зат химиялық қару санатына кіретін VX Nerve Agent. Бұл жүйкені сал ететін улы зат. 

"Малайзия полициясы Солтүстік Корея азаматының өліміне қатысты химия департаменті өткізген сараптаманың алдын ала қорытындысын алды. Улы зат VX nerve agent ретінде анықталды", - делінген малайзиялық полицияның баспасөз баянында.

1997 жылғы Конвенция бойынша бұл улы зат жасауға, өндіруге, жинауға және қолдануға тыйым салынған химиялық қару түріне жатады. 

Еске салайық, Солтүстік Корея басшысының ағасы Малайзия әуежайында бетіне улы зат шашқаннан кейін көз жұмған. Ким Чон Нам 14 ақнада таңғы уақытта отбасы тұрып жатқан Макаоға ұшпақ болған еді.

Қазіргі кезде бұл іс бойынша төрт күдікті ұсталды. БАҚ мәліметі бойынша, олардың арасында Солтүстік Корея тумасы болып келетін химия саласының маманы бар. Соңғы жылдары ол Үндістанда қызмет етіп келген. 

Кейін желіде Ким Че Ынға жасалған шабуылдың видеосы таралған болатын.

Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі Ким Чен Намды өз інісі өлтіруге бұйрық бергенін мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети