Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяға қарсы әскери жоспарын кейінге қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяға қарсы әскери жоспарын кейінге қалдырды Фото: REUTERS©

КХДР лидері Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяға қарсы әскери жоспарын кейінге қалдырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

КХДР лидері Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяға қарсы әскери жоспарын кейінге қалдырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Корея орталық телеграф агенттігі таратқан ақпаратқа қарағанда, КХДР мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ким Чен Ын Корея Еңбек партиясының жетінші шақырылымындағы Орталық әскери комитеттің бесінші сессиясының алдын ала отырысын өткізген. Сол кезде Оңтүстікке қарсы бас штаб ұсынған әскери жоспарды кейінге қалдырған.

Отырыста Корея Еңбек партиясы Орталық әскери комитетінің бесінші сессиясында талқыланатын, сондай-ақ "елдің әскери күшін одан әрі нығайтатын мемлекеттік шаралар" белгіленген әскери саясаттағы негізгі жобалар, баяндамалар және қаулылар қарастырылған.

Отырыс бейнеконференция режимінде өткен.

Айта кетейік, КХДР өз территориясына Оңтүстік Корея тарапынан келген қағаздарға байланысты кінә таққаннан кейін екі ел арасындағы шиеленіс тағы да қиындады.

16 маусымда Солтүстік Корея Оңтүстік Кореядағы координациялық бюро ғимаратын жарды. Келесі күні КХДР бас штабы шекаралық аудандарға әскер кіргізетінін және сол жақта оқу-жаттығуды жандандыратынын, сондай-ақ Оңтүстік Кореяға қарсы насихаттау кампаниясын бастайтынын хабарлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети