Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын оңтүстіккореялық шенеуніктің өлімі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын оңтүстіккореялық шенеуніктің өлімі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Корея президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Со Хун жұма күні КХДР Еңбек партиясы орталық комитеті біріккен фронты департаментінің жолдауын жариялады.
"Төраға Ким Чен Ын қатерлі вирустан зардап шеккен оңтүстіктегі отандастарына көмектесе алмайтынын, әрі байқаусызда болған қайғылы оқиғаға өкінетінін айтты", - деп Со Хун Солтүстік Корея жолдауын оқыды.
Сондай-ақ, КХДР Сеулге жолдаған хабарламасында Оңтүстік Корея Пхеньян жауабын күтпей, "біржақты және дәлелсіз болжам жасады, оқиғаны зұлымдық деп атады және тиісті төлемді талап етті" деп айыптады.
Солтүстік Корея тарапы енді мұндай оқиға қайталанбас үшін тиіс шара жүргізуге уәде берді.
Айта кетейік, осыған дейін Оңтүстік Кореяның мұхиттар және балық аулау министрлігінің 47 жастағы қызметкері 21 қыркүйекте КХДР-ға жақын жерде инспекциялық қайықтан жоғалып кеткені хабарланған еді. Оңтүстік Корея шенеунікті КХДР аумағына өтті деп мәлімдеген болатын. Кейін оны жергілікті балық аулау қызметі тапқан. Бірақ олар оған көмек көрсетудің орнына солтүстіккореялықтар ер адамды атып, мәйітін өртеп жіберді деп хабар таратқан болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!