16 ақпан 2017 | 09:49

Ким Чен Ынның ағасын өлтірген делінген екінші күдікті Оңтүстік Корея азаматшасы болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Рен ТВ © Рен ТВ

Ким Чен Намды өлтірді деген күдікпен ұсталған екінші әйелдің оңтүстіккореялық төлқұжаты табылды, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы Киодо агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ким Чен Намды өлтірді деген күдікпен ұсталған екінші әйелдің оңтүстіккореялық төлқұжаты табылды, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы Киодо агенттігіне сілтеме жасап.

Малайзиялық Bernama агенттігі бейсенбіде екінші күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатын. Мұның алдында полиция 1988 жылы туған вьетнамдық әйелді ұстағанын мәлімдеген болатын. Ол бүгін сот алдында жауап береді. 

Еске салайық, Солтүстік Корея басшысының ағасын әуежайда екі әйелдің улы ине салып өлтіргені хабарланған болатын. Оқиғадан кейін әйелдер таксиге мініп, ізім-ғайып жоқ болған. Ким Чон Нам дүйсенбіде таңғы уақытта жасалған шабуылдан кейін Путраджая ауруханасына барар жолда қайтыс болған. Ким Чон Нам отбасы тұрып жатқан Макаоға ұшпақ болған еді.

Путраджая ауруханасында медициналық сараптама жасалмайтындықтан, Ким Чон Намның мәйітін Малайзия астанасы Куала-Лумпурге алып кеткен.

Оңтүстік кореялық барлау қызметінің мәліметі бойынша шабуылдаған әйелдер әлі Малайзия аумағында. Ал жапондық арнайы қызмет шабуылдағандардың тірі емес болуы мүмкін екенін айтады. АҚШ билігінің өкілдері бұл шабуылға Солтүстік Кореяның арнайы қызметінің қатысы барына сенімді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети