22 шілде 2018 | 09:33

Клиенттерін тас жолға лақтырған такси жүргізушісі бір қыздың қолын сындырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Екатеринбург қаласында такси жүргізушісі клиенттерін тас жолға лақтырып кеткен, олар жолақасын ірі купюрамен төлемекші болыпты, ал жүргізушінің оған қайтаратын ақшасы болмаған. Бұл туралы Znak.com хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Екатеринбург қаласында такси жүргізушісі клиенттерін тас жолға лақтырып кеткен, олар жолақасын ірі купюрамен төлемекші болыпты, ал жүргізушінің оған қайтаратын ақшасы болмаған. Бұл туралы Znak.com хабарлады.

Оқиға 13 шілдеде болды. 18-19 жастағы бес адам түн ортасында такси шақыртқан. Межелі жерге жеткенде клиенттер 1 мың рубль берген, ал такси жүргізушісінде оған қайтарар ақша болмапы. Ол ашуланып, есіктерді жауып, клиенттерін тас жолға апарып, көліктен итеріп шығарған.

"Көліктен сүйреп шығарған ол менің қызымның қолынан қатты тартқан және ол асфальтқа құлапты. Ол кезде найзағай ойнап, жауын құйып тұрған, олар тас жолмен бір сағатқа жуық уақыт жаяу жүріп жетті. Көліктен лақтырғанының салдарынан қызымның қолы жарақаттанды", - деді зардап шеккен қыздың анасы. Оқиғадан кейін дәрігерлер қыздың қолының сынғанын айтқан.

Такси клиенттері полицияға арыз түсіріп, тексеру басталды. Яндекс.Такси баспасөз қызметіндегілер 13 шілдеде жүргізушіге қатысты шағымның тіркелгенін растады.

"Оқиғаның мән-жайы мен кінәсі анықталғанша қызметтен шеттетіледі. Қажет болса құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз", - деді олар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети