02 тамыз 2019 11:23

Клиникалық өлімнен аман қалған ер адам о дүние жайлы айтып берді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Depositphotos / Plepraisaeng © Depositphotos / Plepraisaeng

АҚШ-тағы Техас штатының тұрғыны 17 жасында клиникалық өлімді қалай бастан кешіргенін айтып берді. Оның әңгімесін Daily Express басылымы жазды, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.


АҚШ-тағы Техас штатының тұрғыны 17 жасында клиникалық өлімді қалай бастан кешіргенін айтып берді. Оның әңгімесін Daily Express басылымы жазды, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.

Дуглас есімді ер адам жасөспірім кезінде ұйқысыздықтан зардап шегіп, тіпті ішімдік көмегіне жүгінгенін де айтты. Бір күні дәрігерлер оған алкогольге қарсы көрсетілген күшті дәрі-дәрмектер жазып берген. Нәтижесінде, сол дәріні ішкен Дугластың ағзасы шыдамай, жүрегі бірнеше минутқа тоқтап қалған екен. Алайда, дәрігерлер оны өмірге қайта әкеле алды.

Ер адамның сөзінше, сол уақыт аралығында бүкіл өмірі көз алдынан өткен, ал содан кейін алдынан жарық тоннель шыққан. Ол өзіне тартады екен.

Сонымен қатар, ол еденде жатқан денесін көрген, ал ішкі дүниесі тыныштықты сезген.

Дуглас туннельдің соңында Иса пайғамбардың бейнесін кездестіргенін айтты, ол ер адамға "оның уақыты әлі келмегенін" айтып, өзі туралы барлығана хабарлауын сұраған. 

Осыдан кейін Дугластың айтуынша, ол өз денесіне қайта оралды. Бұл оқиғадан соң ер адам дінге жақындай түскенін айтты. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети