Клинтон мен Сандерс Айовадағы алғашқы сайлаудан кейін қатар келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Клинтон мен Сандерс Айовадағы алғашқы сайлаудан кейін қатар келеді © Livejournal.com

АҚШ-тың Демократиялық партиясының өкілдері Хиллари Клинтон мен Берни Сандерс Айовадағы алғашқы партия сайлауында қатар келеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Демократиялық партиясының өкілдері Хиллари Клинтон мен Берни Сандерс Айовадағы алғашқы партия сайлауында қатар келеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Есептеуден кейін Клинтон 97,3 пайыз дауыстың 49,8 пайызын, ал Сандерс 49,6 пайызын жинады. Алайда демократтар әрбір үміткерге берілген дауыстардың санын жария етпей отыр, тек пропорциялық шамасын атап өткен. 

Әзірше делегаттардың толықтай үлестірілмегені хабарланып отыр, алайда Сандерс шамамен дауыстардың жартысын алатынын мәлімдеп үлгерді. Бірақ демократтар дауыстарды күрделі екісатылы жүйемен есептейтіндіктен, оның бұл қалауы орындалмауы да мүмкін. Тағы бір мәселе: үміткердың жақтастары көп болса да, өзге үміткерге қарағанда делегаттарының саны аз болатын жағдайы да бар.

"Екі үміткер де нәтижені күтпестен жақтастарының алдында сөз сөйлеп үлгерді, себебі штатта қарлы боран соғады деп күтілген. Клинтон "кең тыныс алғанын", ал Сандерс нәтижені тең деп есептейтінін мәлімдеді", - деп жазады басылым.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети