Көкпектіде болған апатқа байланысты айыпталып жатқан "Агрофирма "Шаңырақ" ЖШС директоры мен құрылтайшысынан айып алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, Көкпекті апаты 2014 жылдың 30 наурызынан 31-не қараған түні болған.

"Агрофирма "Шаңырақ" ЖШС директоры Ерлан Чкалов пен Бақыт Әсетовтен айып алынып тасталды", - деді Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорларды басқару бөлімінің басшысы Нұрбек Кузбақов. Оның айтуынша, апат болған су қоймасы "Агрофирма "Шаңырақ" ЖШС меншігіне жатпайды. Ерлан Чкалов өзіне айып тағып отырған әділет басқармасын сотқа беріп, су қоймасының жеке адамдар меншігіне берілуге болмайтын нысандар қатарында бар екенін дәлелдеп шықты.
Еске салайық, осыған дейін Көкпекті апатына байланысты алты адамға айып тағылып, оның ішінде Көкпекті су қоймасының иесі - "Агрофирма "Шаңырақ" ЖШС директоры мен құрылтайшысынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынғаны хабарланған.