Алексей Навальныйдың адвокаты Ольга Михайлова "Эхо Москвы" мен "Медуза" басылымдарына колонияда жатқан саясаткердің денсаулығы күрт нашарлап кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алексей Навальныйдың адвокаты Ольга Михайлова "Эхо Москвы" мен "Медуза" басылымдарына колонияда жатқан саясаткердің денсаулығы күрт нашарлап кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол күні бойы ИК-2 маңында болғанын және қазір де сол жерде екенін айтқан.
"Жұмыс күні аяқталып қойғандықтан бүгін кездесу болмайды. Олар адвокаттарды режим шараларына байланысты кіргізбегенін айтты. Бірақ кешегі кездесуде ол арқа ауруы асқынып кеткенін айтты. Салдарынан жүруі де нашарлаған. Бүгін сол ауруы асқынып кеткендіктен кездесуге рұқсат бермей отырған болуы мүмкін", - деді заңгер.
Түрме ауруханасының дәрігері ибупрофеннің екі дозасын беріп, емдеуді тоқтатқан. Оның өзін ауруы басталғаннан кейін екі күн өткен соң берген.
"Невропатолог оны жұмада тексерді, бірақ Алексейдің диагнозы қандай екенін айтпады. Тек дүйсенбіде ибупрофеннің екі дозасын тағайындады. Басқа ем-шара қолданбаған", - деп қосты адвокат.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қор (ФБК) басшысының денсаулығы күрт нашарлағанын оның серіктесі Леонид Волков та мәлімдеді.
"Бұл Навальныйды заңсыз қамауға алғаннан кейін адвокаттарын кіргізуден бас тартқан алғашқы жағдай. Біз Алексей Навальный қайда екенін және неге оны адвокаттармен кездесуге шығармай жатқанын білмейміз. Өткен аптаның соңынан бері арқасындағы ауруы асқынғанын білеміз. Жүруі нашарлап, жатып қалған. Сол уақытта тек екі доза дәрі-дәрмек қабылдаған.
Ол қазір түрме ауруханасында болуы мүмкін, ал ИК-2 әкімшілігі бұл деректі жасыруға тырысуы мүмкін", - деп жазды штабтар желісінің жетекшісі телеграм-арнасында.
Айта кетейік, наурыздың ортасынан бастап Навальный Владимир облысының Покров қаласындағы №2 түзеу колониясында. Оған 3,5 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.
15 наурызда саясаткер мекемеден алғашқы хабарламасын жариялады. Онда түзеу мекемесін "нағыз концлагерь" деп атаған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!