Колумбияда жеңілмоторлық ұшақ апатқа ұшырады: 7 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Колумбияда жеңілмоторлық ұшақ апатқа ұшырады: 7 адам қаза тапты

Колумбияның Попаян қаласында бортында жеті жолаушы екі ұшқыш болған жеңілмоторлы ұшақ апатқа ұшырады. Осы дерекке қатысты Колумбияның азаматтық авиация басқармасы тергеу бастады. Апат салдарынан жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Reuters.

Попаян қаласының басшысы тірі қалған екі адамды ауруханаға жеткізгенін айтты. Colambia Reports мәліметінше, Попаян әуежайынан Лопес-де-Микай қаласына ұшып шыққан ұшақ әуеге көтерілген бетте құлаған. 

Ұшақ қаланың оңтүстік батысындағы үйлердің бірінің үстіне құлаған. Сол үйдің екі тұрғыны ауыр жарақат алған, жағдайы мүшкіл. Зардап шеккендердің арасында, он жастағы бала да бар, оның жағдайы тұрақты. 

Колумбия президенті Иван Дуке Twitter желісіндегі парақшасында қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты. Үкімет зардап шеккендерге көмек көрсететінін айтты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети