"Қолыңды сындырамын": Қырғызстан МҰҚК басшысының депутатпен жанжалы видеоға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қолыңды сындырамын": Қырғызстан МҰҚК басшысының депутатпен жанжалы видеоға түсіп қалған Адахан Мадумаров, Камчыбек Ташиев. Фото: kenesh.kg

2 маусымда болған Жоғары кеңес отырысында Қырғызстан МҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев пен депутат Адахан Мадумаров жанжалдасқан, - деп хабарлайды 24.kg.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 маусымда болған Жоғары кеңес отырысында Қырғызстан МҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев пен депутат Адахан Мадумаров жанжалдасқан, - деп хабарлайды 24.kg.

Арнайы қызмет басшысының сөзінен кейін Адахан Мадумаров фракция жетекшісі ретінде жауап беруге 5 минут уақыт беруді сұраған. Спикер Талант Мамытов мәселені дауысқа салған, бірақ әріптестері оны қолдамаған.

"Енді не істеу қажет? Неге оның микрофоны үнемі қосылып тұрады", - деп сұрады Адахан Мадумаров.

"Саусағыңызды шошайтпаңыз. Қолыңызды сындырамын", - деп қорқытқан Қамшыбек Ташиев.

"Мен саған көрсетемін!", - деп жауап берген депутат.

МҰҚК басшысының айтуынша, Адахан Мадумаров мемлекеттік төңкеріс дайындаған.

"Бізде ол туыстарымен бірге жаппай тәртіпсіздік пен төңкеріс дайындағаны туралы жедел ақпарат бар. Елдегі билікті ешқашан өзгерте алмайсыз. Сені мемлекеттік төңкеріс үшін отырғызамын. Өткен жолы депутаттар рұқсат бермеді. Сен ел туралы ойламайсың", - деді Қамшыбек Тәшиев.

"Істей алмайсың! Күшің жететін нәрсені айт. Төңкеріс жасау үшін қоршаудан секірген жоқпын. Сіз істедіңіз, өзіңіз жауап бересіз", - деді Адахан Мадумаров.

"Өзің жауап бересің!", - деді Ташиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети