Конгода 130-ға жуық адам көлге батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конгода 130-ға жуық адам көлге батып кетті

Конгодағы Танганьика көлінде жолаушылар қайығы апатқа ұшырап, 130-ға жуық адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости француз бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конгодағы Танганьика көлінде жолаушылар қайығы апатқа ұшырап, 130-ға жуық адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости француз бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Конго демократиялық республикасы ресми билігі өкілдерінің мәліметінше, қайғылы оқиға жұмаға қараған түні болды. Жергілікті көлік министрлігінің өкілі Сумба Кахози Лоуренс жексенбі күні "Құтқарушылар су астынан барлығы 129 адамның денесін алып шықты", - деп мәлімдеді.

Қайық Калемие қаласынан елдің шығысындағы Увира қаласына бағыт алған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлікке шамадан тыс жүктің тиелуіне байланысты ол көл түбіне батып кеткен. Су көлігінде барлығы 150-ге жуық адам болды. Қаза тапқандардың саны әлі де нақтыланатын болады.

Конгода су көліктерінің апаты жиі болады. Наурыз айында елдегі Альберт көлінде кеме батып кетіп, 251 адам құрбан болған еді. 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.71  course up  591.04  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети