24 наурыз 2022 11:49

Конор Макгрегор Ирландияда қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Ирландиялық UFC файтері Конор Макгрегор көлікті қауіпті жүргізгені үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ирландиялық UFC файтері Конор Макгрегор көлікті қауіпті жүргізгені үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, Макгрегор Дублинде жол қозғалысы ережесін бұзды деген айыппен қамауға алынған.

"Макгрегор жаттығу залына келе жатқан кезде оны Ирландия полициясы жол ережесін бұзды деген күдікпен тоқтатқан. Ол есірткі мен алкогольге қатысты сынақтан өтті", - деді спортшының өкілі.

Irish Independent газеті Макгрегордың шамамен 170 мың еуро (94 миллион теңге) тұратын Bentley автокөлігі қамауға алынғаннан кейін тәркіленгенін, бірақ кейін оған қайтарылғанын хабарлады. Спортшыға айып тағылған соң ол кепілмен босатылған. Бұл іс бойынша сот келесі айда өтеді.

Айта кетейік, ирландиялық спортшыны қауіпті көлік жүргізгені үшін 5 мың еуро (2,7 миллион теңге) айыппұл төлеу немесе алты айға бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

2017 жылы Макгрегор жылдамдықты асырғаны үшін дәл сол сот алдына келген болатын, ол кезде оған 400 еуро айыппұл салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети