08 қараша 2021 09:46

Константин Эрнст ТНТ арнасындағы "Игра" шоуы туралы көзқарасын білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірінші арнадан алынған кадр Бірінші арнадан алынған кадр

Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст КВН аналогы болып табылатын және көптеген бұрынғы КВН ойыншылары қатысатын ТНТ телеарнасындағы "Игра" комикс-шоуына өз көзқарасын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст КВН аналогы болып табылатын және көптеген бұрынғы КВН ойыншылары қатысатын ТНТ телеарнасындағы "Игра" комикс-шоуына өз көзқарасын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақында өткен Мәскеу мэрінің кубогында қазылар алқасының төрағалығында отырған Эрнст жаңадан ашылған бағдарламаны тамашалады.

"Кім жеңеді, кім жеңіледі - айырмашылығы жоқ. Ұрланған ойынды емес, шынайы ойынды жалғастыра беретініңізге сенімдіміз", - деді продюсер соңғы бағалауды жарияламас бұрын. Көрермендер бұл сөздерді қошеметпен қарсы алды.

Эрнсттің сөзін 1.46.12-ден қараңыздар

Бұған дейін КВН жүргізушісі Александр Масляков "Игра" шоуы туралы көзқарасын білдірген болатын. Ол жобаны жасаушылар КВН форматын ұрлағанын айтқан.

"Олар бірдеңені өзгертуге тырыспай-ақ көп жылдан бері келе жатқан жобаны алып, оны қомақты ақшаға қалыптастырған. Чемпиондарға 30 миллион рубль береді. Менің ойымша, бұл ойынға қызығатын жүздеген мың жас жігіттерге жасалған қастандық дер едім. КВН-де ойнау үшін мұндай бәс тігулер әдепсіздік, түсінесіз бе?, - деді ол.

"Авторлық құқықты қорғап, сотқа бересіз бе" деген сұраққа Масляков былай деп жауап берді: "Егер сотқа беру керек болса, онда оны арна жасауы керек. Бұл бұрыннан бар жобаның көшірмесі екені анық. Арна қандай шешім қабылдайтынын білмеймін. Жеке мен ешкімді сотқа бермеймін. Тәңір Иенің маған қалдырған күш-қуатын өзім жақсы көретін және өзім жасайтын іске жұмсаймын".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети