Көптен бері көрінбей кеткен Джек Ма Гонконгте жүр - БАҚ

Фото:facebook.com/pg/AliBabaJack Фото:facebook.com/pg/AliBabaJack

Көптен бері көрінбей кеткен Alibaba Group негізін қалаушы, миллиардер Джек Ма Гонконгте жүр, - деп хабарлайды Reuters

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Көптен бері көрінбей кеткен Alibaba Group негізін қалаушы, миллиардер Джек Ма Гонконгте жүр, - деп хабарлайды Reuters

Агенттікке екі дереккөз өткен аптада Джек Ма бірнеше іскер серіктеспен түскі ас кезінде кездескенін хабарлаған. Сондай-ақ Alibaba Нью-Йорктен бөлек Гонконгте де тіркелген. Кәсіпкердің кем дегенде бір үйі бар - ауданы 9 мың шаршы метрден асады, құны 193,5 миллион доллар.

Сонымен қатар, агенттік мәліметінше, миллиардер былтыр қазанда Шанхайда Қытайдың қаржы реттеушілерін сынға алғаннан кейін көрінбей кеткен. 

Еске салайық, биыл мамырда Джек Ма күзден бері алғаш рет көпшілік алдына шыққан болатын. Джек Ма Ханчжоудағы Alibaba Group кампусының бірінде болған. Қытайдың ірі компанияларының бірінің негізін қалаушы әріптестерімен бірге жыл сайынғы "Ali күні" (Ali Day) іс-шарасына қатысуды шешіпті.

Қызметкерлер түсірген фотосуреттер мен бейнежазбаларға сәйкес, Джек Ма бұл іс-шараға Alibaba компаниясының басқа басшыларымен бірге қатысқан. Директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетсе де, Ма компанияда әлі де беделді екені атап өтіледі.

Джек Ма былтыр күзде Қытай үкіметін сынағаннан кейін қоғамдық қызметін тоқтатқан еді. Содан кейін ҚХР билігі Alibaba Group-қа қатысты монополияға қарсы тергеу бастап, компания акцияларын сатуға тыйым салған. Осылайша, тек бір күнде ол 3,5 миллиардтан аса доллардан және Азиядағы ең бай адам атағынан айырылған.

Осыдан кейін миллиардер көпшілік алдына тек онлайн шыққан. Қаңтарда ол ауыл мұғалімдерін қолдауға арналған онлайн-шараға қатысқан. Сәуірдің ортасында Ма Ресей географиялық қоғамы қамқоршылар кеңесінің бейнеконференциясында болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro