04 маусым 2019 | 12:04

Корея ауруханаларының бірінде 16 жылдан бері қағаз қолданбастан жұмыс істеп келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ТСН © ТСН

Оңтүстік Кореяда 16 жыл бойы қағаз қолданбайтын аурухана жұмыс істеп жатыр. Науқастар туралы бүкіл мәлімет цифрландырылған, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Кореяда 16 жыл бойы қағаз қолданбайтын аурухана жұмыс істеп жатыр. Науқастар туралы бүкіл мәлімет цифрландырылған, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Деректерді дәрігерлермен қатар емделуішлер де пайдалана алады. Осы аурухананың бөлімдері арасында өткел салу үшін тауда туннель тескен. Бұл дәрігерлер мен науқастардың клиника ішінде қатынауға кететін уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Өткелде тұрған дисплейлерде оның құрылысы қалай жүргені көрсетілген. Жалпы бұл ауруханадағы бар ақпарат осындай экрандарда орналасқан. Күніне Бундан клиникасының дәрігерлері 7 мыңдай адамға қызмет көрсетеді. Аурухананың әрбір маманында жүйеге кіретін жеке логины мен құпия сөзі бар. Науқастарда да сондай мүмкіндіктер қарастырылған. Үйден шықпай дәрігерддің қаралуына жазылуға болады. Сондай-ақ, ұялы қосымшаның көмегімен қан сараптамасын, қабылдайтын дәрілер тізімін және екпе кестесін қарап отыруға болады. Түсініксіз ұғымдардың мағынасы мен түрлі аурулардың салдарын қарапайым тілмен жеткізетін электронды медициналық энциклопедия да бар.

"Корея ғана емес, интернетке кіруге мүмкіндігі бар әлемнің бүкіл жерінен жүйеге кіріп, сараптамалар нәтижелері мен науқастар туралы барлық ақпаратты көре аламын", - дейді Бундан ауруханасының профессоры Сергей Ким.

Науқастар мен дәрігерлер арасындағы осындай цифрлық байланыс операциялардан кейінгі асқынуды барынша азайтқан. Бұл көрсеткіш ауруханада жарты процент ғана құрайды. Дәрігерлерге робот-хирургтар мен ақылды керуеттер де көмек береді. Осы керуеттердегі экрандардан науқасты емдеу реті, бөлмедегі температура мен жарық мөлшері туралы мәлімет көруге болады.

"Химиялық қоспаларды араластыратын роботты сатып алдық. Бұрын мұны адамдар істейтін. Ал робот қажетті мөлшерін дәлірек анықтайды. Ауруханада қызметкерлердің бүлдіршіндері үшін бала бақша да бар. Оны осыдан екі жыл бұрын ашқан. Осыдан кейін медбикелердің жұмыстан шығуы көрсеткіші күрт күрт азайған. Балаларына уайымдамай, жұмыс істеу арқылы науқастарға қызмет көрсету сапасы айтарлықтай арта түскен", - дейді Бундан ауруханасының бөлім меңгерушісі Ли Джи Сон.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети