06 сәуір 2018 16:05

Кореяның бұрынғы президенті қатаң жазаға кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © REUTERS © REUTERS

Сеулдың орталық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хені 24 жылға соттады, - деп хабарлайды РИА Новости


Сеулдың орталық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хені 24 жылға соттады, - деп хабарлайды РИА Новости

Сот отырысы Оңтүстік Кореяның ірі телеарналарынан тікелей эфирде көрсетілді. 

Бұрынғы президент тағылған 18 айыптың 16-сы бойынша кінәлі деп танылды, соның ішінде парақорлық, жемқорлық және қызметін асыра пайдалану да бар. Сонымен қатар, сот үкімі бойынша Пак Кын Хе 18 миллиард вон (16,8 миллион доллар) айыппұл төлеуге міндеттелді.  

Пак Кын Хе 2017 жылдың наурызында ұсталған болатын. Прокуратура бұрынғы президентті 30 жылға бас бостандығынан айырып, 118,5 миллиард вон (95 миллион доллар) айыппұл төлетуді талап еткен. 

2016 жылы Оңтүстік Кореяда жемқорлық дауы туып, оның ішінде Samsung сияқты ірі корпорациялардың қатысы бары анықталған еді. Жемқорлық істерді бұрынғы президенттің құрбысы Цой Сун Силь арқылы жүргізілген. 

Ал 2017 жылы 10 наурызда конституциялық сот Пак Кын Хены мемлекет басшылығынан шеттеткен болатын. Сол жылы 9 мамырда президент сайлауы өтіп, таққа Мун Чжэ Ин отырған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети