22 мамыр 2022 09:15

Қорқынышты апат: қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды басып кетті

Фото: Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметі

Қырғызстанның Кадамжай ауданында, қырғыз-өзбек шекарасындағы "Чечме" өткізу бекетінде экскаватор тиелген трал 11 көлікті соғып өтіп, адамдарды қағып кетті, салдарынан сегіз адам қаза тапты, жеті адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АКИргеѕѕ-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үрейлі апат сенбіде түстен кейін болған. Тралдың тежегіштері істен шыққаны хабарланып отыр. Жүк көлігі сағатына 70-80 шақырым жылдамдықпен жүрді. Жүргізуші Қырғызстаннан Өзбекстанға бет алған еді.

Реклама
Реклама

Қаза болғандардың арасында Қырғызстан ТЖМ-нің екі қызметкері бар. Оқиға орнында Қырғызстан мен Өзбекстан ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары тиісті тексеру жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram