Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Қорқынышты апат: қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды басып кетті 22 мамыр 2022, 09:15

Қырғызстанның Кадамжай ауданында, қырғыз-өзбек шекарасындағы "Чечме" өткізу бекетінде экскаватор тиелген трал 11 көлікті соғып өтіп, адамдарды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметі Фото: Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметі

Қырғызстанның Кадамжай ауданында, қырғыз-өзбек шекарасындағы "Чечме" өткізу бекетінде экскаватор тиелген трал 11 көлікті соғып өтіп, адамдарды қағып кетті, салдарынан сегіз адам қаза тапты, жеті адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АКИргеѕѕ-ке сілтеме жасап.

Үрейлі апат сенбіде түстен кейін болған. Тралдың тежегіштері істен шыққаны хабарланып отыр. Жүк көлігі сағатына 70-80 шақырым жылдамдықпен жүрді. Жүргізуші Қырғызстаннан Өзбекстанға бет алған еді.

Қаза болғандардың арасында Қырғызстан ТЖМ-нің екі қызметкері бар. Оқиға орнында Қырғызстан мен Өзбекстан ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Құқық қорғау органдары тиісті тексеру жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram