25 мамырдағы таңғы жағдай бойынша дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 5,4 миллион адамнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті мәлімдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
25 мамырдағы таңғы жағдай бойынша дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 5,4 миллион адамнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті мәлімдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Университет мәліметі бойынша, дүние жүзінде 5 406 537 адамнан COVID-19 табылған. Инфекциядан 345 036 адам қайтыс болса, 2 168 528 адам аурудан айыққан.
Коронавирус қатты тараған он ел:
АҚШ - 1 643 098 адам вирус жұқтырған, 97 698-і көз жұмған,
Бразилия - 363 211 адам вирус жұқтырған, 22 666-сы көз жұмған,
Ресей - 344 481 адам вирус жұқтырған, 3541-і көз жұмған,
Ұлыбритания - 260 916 адам вирус жұқтырған, 36 875-і көз жұмған,
Испания - 235 772 адам вирус жұқтырған, 28 752-сі көз жұмған,
Италия - 229 858 адам вирус жұқтырған, 32 785-і көз жұмған,
Франция - 182 709 адам вирус жұқтырған, 28 370-і көз жұмған,
Германия - 180 328 адам вирус жұқтырған, 8283-і көз жұмған,
Түркия - 156 827 адам вирус жұқтырған, 4340-ы көз жұмған,
Үндістан - 138 536 адам вирус жұқтырған, 4024-і көз жұмған.
Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус бойынша статистикасы басқаша. ДДҰ мәліметіне сүйенсек, дүние жүзінде 5 206 614 адам COVID-19 жұқтырғандар, 337 736 адам қайтыс болған. Бір тәулікте 109 885 адамнан коронавирус табылған.
Қазақстанда эпидемия кезінде 8322 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 4352-сі аурудан жазылса, 35 науқас көз жұмған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!