Коронавирус ауа арқылы тарауы мүмкін - ДДҰ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус ауа арқылы тарауы мүмкін - ДДҰ Мария Ван Керхов © REUTERS/Denis Balibouse

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың ауадағы аэрозольдік бөлшектер арқылы таралуы мүмкін екенін айтты, бірақ оны әлі де зерттеу қажет, - деп хабарлайды Reuters

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың ауадағы аэрозольдік бөлшектер арқылы таралуы мүмкін екенін айтты, бірақ оны әлі де зерттеу қажет, - деп хабарлайды Reuters

ДДҰ-да ұйымға COVID-19 тарату жолдары туралы өз деректерін қайта қарауға шақырған 200-ден астам ғалымдардың өтінішіне жауап берді.

"Біз COVID-19 тарау тәсілдерінің бірі ретінде ауадағы аэрозоль арқылы тарау мүмкіндігі туралы айтып отырмыз", - деді брифингте коронавирус пандемиясы бойынша ДДҰ техникалық жетекшісі Мария Ван Керхов.

Бұған дейін ұйым вирус коронавирус жұқтырған адам түшкіргенде не жөтелгенде аузынан және мұрнынан бөлінетін тамшылар арқылы тарайтынын айтқан. 

ДДҰ инфекциялардың алдын алу жөніндегі техникалық басшысы Бенедетта Аллегренци коронавирустың әуе арқылы берілгені туралы деректердің пайда болғанын айтты, бірақ соңғы шешімді шығару әлі ерте.

"Қоғамдық орындарда - әсіресе өте ерекше жағдайларда, адам толы, жабық, нашар желдетілетін жерлерде ауа арқылы беру мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, дәлелдерді жинау және түсіндіру қажет және біз мұны жалғастырамыз", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети