Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясының ғалымдары еріктілерге жасалған коронавирустан қорғайтын вакцинаның алғашқы кезеңі сәтті аяқталғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Independent.
Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясының ғалымдары еріктілерге жасалған коронавирустан қорғайтын вакцинаның алғашқы кезеңі сәтті аяқталғаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Independent.
Талдаулардың нәтижесі The Lancet медицина журналында жарияланды. Онда вакцина ешқандай қосымша ауру туғызбағаны аталған. Зерттеуге қатысқандардың 96 пайыздан астамының ағзасында антиденелер пайда болған және 85 пайызында бейтараптандыратын антиденелер қалыптасқан.
1077 адам қатысқан сынақтың қорытындысы инъекцияның арқасында коронавируспен күресуге жарамды антиденелер мен лейкоциттердің пайда болғанын көрсетті.
Нәтижесі жақсы, бірақ толық қорғай алады деп айтуға ерте және қазір бұдан да үлкен зерттеулер жасалып жатыр.
Айта кетейік, Оксфорд университеті вакцина шығару үшін AstraZeneca компаниясымен келімісге қол қойды. Фармацевтикалық компания екі миллиард доза өндірісін мойнына алды. Ал Ұлыбритания вакцинаның 100 миллион дозасына тапсырыс беріп қойды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!