20 тамыздағы таңғы жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 22,2 миллионнан асты. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
20 тамыздағы таңғы жағдай бойынша, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 22,2 миллионнан асты. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Университет мәліметінше, дүние жүзінде 22 260 914 адам COVID-19 жұқтырған. 784 082 науқас коронавирустан қайтыс болған, 14 198 187 адам аурудан айыққан.
Коронавирус жұқтырғандар саны көп елдердің тізімінде мына елдер бар:
АҚШ - 5 524 398 адам вирус жұқтырған, 172 965 науқас көз жұмған,
Бразилия - 3 407 354 адам вирус жұқтырған, 109 888 науқас көз жұмған,
Үндістан - 2 767 273 адам вирус жұқтырған, 52 889 науқас көз жұмған,
Ресей - 935 066 адам вирус жұқтырған, 15 951 науқас көз жұмған,
ОАР - 596 060 адам вирус жұқтырған, 12 423 науқас көз жұмған,
Перу - 549 321 адам вирус жұқтырған, 26 658 науқас көз жұмған,
Мексика - 531 239 адам вирус жұқтырған, 57 774 науқас көз жұмған,
Колумбия - 489 122 адам вирус жұқтырған, 15 619 науқас көз жұмған,
Чили - 390 037 адам вирус жұқтырған, 10 578 науқас көз жұмған,
Испания - 370 867 адам вирус жұқтырған, 28 797 науқас көз жұмған.
Ал ДДҰ мәліметінше, әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 21 989 366-ға жетіп, 775 893 адам қайтыс болды.
Қазақстанда эпидемия кезінде 103 571 адамнан коронавирус табылған. 86 286 адам аурудан жазылса, 1446 науқас қайтыс болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!