21 мамыр 2020 | 09:29

Коронавирус: дүние жүзі бойынша 21 мамыр таңғы жағдай

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 мамыр таңғы жағдай бойынша, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 4,9 миллионға жетті. Бұл туралы Джонс Хопкинс атындағы университетінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

21 мамыр таңғы жағдай бойынша, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 4,9 миллионға жетті. Бұл туралы Джонс Хопкинс атындағы университетінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ал Worldometers порталының мәліметінше, коронавирус жұқтырғандардың саны бес миллионнан асты. Сондай-ақ 328 186 адам қайтыс болған, аурудан екі миллионнан аса адам айығып шыққан. 

2,7 миллионға жуық адам әлі де ем алып жатыр. Оның ішінде 2,68 миллион науқастың жағдайы орташа ауыр, 45 769 науқастың жағдайы ауыр. 

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында АҚШ - 1,51 миллионға жуық адам. Екінші орында - Ресей (308,7 мың адам), Бразилияда - 271 мың адам, Ұлыбританияда - 250 мың адам және Испанияда - 232 мың адам. 

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 7234-ке жетті. Оның ішінде 3734 адам аурудан айығып шықса, 35 адам қайтыс болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети