Дүние жүзінде барлығы 15,4 миллион адам COVID-19 жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Джонс Хопкинс университетіне сілтеме жасап.
Дүние жүзінде барлығы 15,4 миллион адам COVID-19 жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Джонс Хопкинс университетіне сілтеме жасап.
Университеттің мәліметінше, әлемде 15 435 114 коронавирус жұқтырған. 631 811 адам қайтыс болған, 8 759 608 науқас дертінен айыққан.
Коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі ең көп тіркелген елдер тізімі:
АҚШ - 4 032 430 адам инфекция жұқтырды, 144 167 адам қайтыс болды,
Бразилия - 2 287 475 адам инфекция жұқтырды, 84 082 адам қайтыс болды,
Үндістан - 1 238 798 адам инфекция жұқтырды, 29 861 адам қайтыс болды,
Ресей - 793 720 адам инфекция жұқтырды, 12 873 адам қайтыс болды,
ОАР - 408 052 адам инфекция жұқтырды, 6093 адам қайтыс болды,
Перу - 371 096 адам инфекция жұқтырды, 17 654 адам қайтыс болды,
Мексика - 370 712 адам инфекция жұқтырды, 41 908 адам қайтыс болды,
Чили - 334 683 адам инфекция жұқтырды, 8677 адам қайтыс болды,
Ұлыбритания - 298 721 адам инфекция жұқтырды, 45 639 адам қайтыс болды,
Иран - 284 034 адам инфекция жұқтырды, 15 074 адам қайтыс болды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус статистикасы бойынша басқа мәлімет ұсынды. Ұйымның соңғы дерегі бойынша әлемде 15 012 731 адам COVID-19 жұқтырған, 619 150 адам көз жұмған. Бір тәулікте әлемде коронавирус жұқтырудың 247 225 дерегі тіркелген.
Қазақстанда 78 486 адам коронавирус жұқтырды. 48 220 науқас дертінен айықты, 610 адам қайтыс болды.