Коронавирус: дүние жүзі бойынша 28 мамыр таңғы жағдай

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус: дүние жүзі бойынша 28 мамыр таңғы жағдай © Әлихан Сариев

28 мамыр таңғы уақыт бойынша дүние жүзінде барлығы 5,6 миллион адам коронавирус жұқтырған. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 мамыр таңғы уақыт бойынша дүние жүзінде барлығы 5,6 миллион адам коронавирус жұқтырған. Мұндай мәліметті Джонс Хопкинс университеті келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университет мәліметінше, дүние жүзінде 5 690 951 адам COVID-19 жұқтырған, 355 615 науқас қайтыс болған, ал 2 350 071 адам аурудан жазылып шыққан. 

Коронавирус қатты тараған он ел:

АҚШ - 1 699 126 адам вирус жұқтырған, 100 411 науқас қайтыс болған,

Бразилия - 411 821 адам вирус жұқтырған, 25 598 науқас қайтыс болған,

Ресей - 370 680 адам вирус жұқтырған, 3968 науқас қайтыс болған,

Ұлыбритания - 268 619 адам вирус жұқтырған, 37 542 науқас қайтыс болған,

Испания - 236 259 адам вирус жұқтырған, 27 117 науқас қайтыс болған,

Италия - 231 139 адам вирус жұқтырған, 33 072 науқас қайтыс болған,

Франция - 183 038 адам вирус жұқтырған, 28 599 науқас қайтыс болған,

Германия - 181 524 адам вирус жұқтырған, 8428 науқас қайтыс болған,

Түркия - 159 797 адам вирус жұқтырған, 4431 науқас қайтыс болған,

Үндістан - 158 086 адам вирус жұқтырған, 4534 науқас қайтыс болған.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирус бойынша басқаша статистика келтіреді. ДДҰ соңғы мәліметі бойынша, дүние жүзінде 5 491 678 адам COVID-19 жұқтырған, 349 190 науқас көз жұмған. Дүние жүзінде бір тәулікте тағы 99 024 адамнан коронавирус табылған.

Қазақстанда 9304 адамнан коронавирус анықталған. 4768 науқас жазылса, 37 адам көз жұмған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети