Коронавирус жұқтырған Тимошенконың жағдайы ауыр - баспасөз хатшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус жұқтырған Тимошенконың жағдайы ауыр - баспасөз хатшысы Фото © tymoshenko.ua

Украиналық "Батькивщина" партиясының басшысы Юлия Тимошенко коронавирус жұқтырды. Жағдайы ауыр. Бұл туралы саясаткердің баспасөз хатшысы Марина Сорока Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украиналық "Батькивщина" партиясының басшысы Юлия Тимошенко коронавирус жұқтырды. Жағдайы ауыр. Бұл туралы саясаткердің баспасөз хатшысы Марина Сорока Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 тамызда украиналық БАҚ Тимошенко және оның отбасы мүшелері, атап айтқанда қызы мен күйеу баласы COVID-19 жұқтырды деген ақпарат таратты. Алайда мәліметті ешкім ресми түрде растамады.

"Батькивщина" фракциясындағылар басшыларының ауруын жоққа шығарды. 

"Мен онымен бірнеше күн бұрын сөйлестім, аман-есен, олай деп санайтындай ешқандай себеп жоқ. Менің біліуімше, Юлия Владимировна коронавирус жұқтырған жоқ", - деді фракция депутаты Михаил Цимбалюк APnews басылымына берген сұхбатында.

Бірақ саясаткердің баспасөз хатшысы оның коронавирус жұқтырғанын растады.

"Иә, өкінішке қарай, бұл - рас. Тест Юлия Владимировнаның COVID-19 жұқтырғанын растады. Жағдайы ауыр. Дене температурасы 39-ға дейін. Күресіп жатыр" - деп жазды Сорока.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети