ПОДЕЛИТЬСЯ
13 ақпан 2020 | 09:08
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт ұлғайды
Қытайдың Хубей провинциясында коронавирус жұқтырғандардың саны 48,2 мыңға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытайдың Хубей провинциясында коронавирус жұқтырғандардың саны 48,2 мыңға жетті, - деп хабарлайды РИА Новости.
Жергілікті денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, провинцияда 14 480 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болған. Ауруханада жатқан 33 мың науқастың 5647-сі ауыр жағдайда. Қаза тапқан адамдардың жалпы саны - 1310.
Вирусты жұқтырғандардың саны күрт ұлғайғаннан кейін Хубей провинциясының билігі олардың қатарына жаңа әдіс бойынша диагноз қойылған адамдар жататынын айтты.
"Бұл әдіс бойынша Хубей провинциясы жақында бұрын вирус анықталған адамдарды тексеріп, диагноз қорытындысына өзгеріс енгізді. Вирусты жұқтырған жаңа науқастарға диагноз жаңа классификацияға сәйкес диагноз қойылды", - делінген комитет хабарламасында.
Жапонияда лайнердің 174 жолаушысы коронавирус жұқтырған
Еске салайық, 12 ақпандағы жағдай бойынша, Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 44,6 мыңға жеткені, олардың 1113-і қаза тапқаны, 4740-ы емделгені хабарланған. Негізінен ең көп жұқтырғандар мен қаза болғандар коронавирустың таралу ошағы орналасқан Қытайдың Хубей провинциясында тіркелген.
Показать комментарии
Читайте также