12 ақпан 2020 09:24

Коронавирустан бір тәулікте 97 адам қайтыс болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қытайда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 44,6 мыңға жетті, олардың 1113-і қаза тапқан, 4740-ы емделген. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитет мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости


Қытайда коронавирус жұқтырған адамдардың саны 44,6 мыңға жетті, олардың 1113-і қаза тапқан, 4740-ы емделген. Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитет мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости

Бұған дейін 42,6 мың адамның вирус жұқтырғаны хабарланған еді. Олардың 1016-сы қайтыс болған, ал 3996-сы емделіп, ауруханадан шыққан болатын. 

"11 ақпан түнгі жағдай бойынша, денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитет 31 провинциядан коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 44653 болғаны туралы мәлімет алды. Қазіргі уақытта 38800 адам ауырып жатыр (8204 адам ауыр халде), 4740 адам ауруханадан шыққан, ал 1113 адам қайтыс болды", - делінген комитет хабарламасында. 

Гонконгте вирус жұқтырған 49 адам (оның біреуі қайтыс болған) тіркелген, Макаода 10 адам, Тайванда 18 адам коронвирустың жаңа түрін жұқтырған. 

Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандармен байланыста болған 185 мың адам бақылауда. 

Соңғы бір тәуліктің ішінде 2015 адам вирус жұқтырған, 744 адам ауруханадан шыққан. 97 адам вирус салдыранан қайтыс болған. Ал ауыр халде жатқандардың саны бір тәулікте 871 адам болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети