1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Коронавирус кезінде өз бетінше емделуге бола ма? Дәрігер жауабы 19 желтоқсан 2021, 10:57

Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников "Россия 1" телеарнасында коронавируспен ауырған науқастар өз бетінше емделуге болмайтынын айтты,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников "Россия 1" телеарнасында коронавируспен ауырған науқастар өз бетінше емделуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"COVID бір емес бірнеше ауру тудыратын, өлім белгілері бар вирустық инфекция", - деп түсіндірді дәрігер.

Ол жіті респираторлық инфекциялары бар COVID-19 науқастарына кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау дұрыс емес деді.

Мысалы, пневмония болмаған жағдайда қан сұйылтқыштарды қабылдауға болмайды. Бұл дәрілерді дәрігердің нұсқауынсыз қабылдау, ми қан айналымының бұзылуына және асқазан-ішек жолдарынан қан кетуге әкелетінін айтты.

Сондай-ақ маман стероидты гормондармен өзін-өзі емдеу дұрыс еместігін ескертті. Оның пікірінше, олар тек интубацияланған науқастарға арналған.

Мясников "көп оқып, көп естігендіктен" өз-өзіне ем тағайындамау керек деген тұжырым жасаған. Оның пікірінше, вакцина арқылы вирустың алдын алған дұрыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram