Коронавирус Санта-Клаустың балаларға сыйлық жеткізуіне кедергі болмайды - ДДҰ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус Санта-Клаустың балаларға сыйлық жеткізуіне кедергі болмайды - ДДҰ ©REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Санта-Клаустың коронавирусқа қарсы иммунитеті бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ Жаңалықтарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Санта-Клаустың коронавирусқа қарсы иммунитеті бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҰҰ Жаңалықтарына сілтеме жасап.

ДДҰ Санта-Клаус әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға сыйлықтар жеткізу үшін мемлекеттер оған әуе кеңістігін ашатынын атап өтті.

ДДҰ-ның техникалық директоры Мария Ван Керкхов Санта-Клаустан сыйлық күтіп отырған балаларды сабырлы болуға шақырды.

Оның айтуынша, ДДҰ сарапшылары Санта-Клауспен (Аяз Ата, әулие Николай) сөйлескен. Ол сарапшыларға жағдайы жақсы екенін және коронавирусқа қарсы иммунитеті барын айтқан.

Сонымен қатар, Мария Ван Керкхов көптеген рейстің ұшуына тыйым салынғанына қарамастан Санта-Клаус үшін мемлекеттер оған әуе кеңістігін ашып, карантин талабын алып тастайтынын жеткізді. Себебі, оның миссиясы өте маңызды. Осылайша, ол әлемнің әр еліндегі балаларға сыйлықтар жеткізуге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, ДДҰ сарапшысы қашықты сақтау керегін айтты.

"Әлемдегі барлық бала ата-аналары мен тәрбиешілерін тыңдап, Рождество түнінде ерте ұйықтауы керек", - деп ескертті Ван Керкхов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети