ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2020 | 10:13
Коронавирус туралы бірінші болып ескерткен ухандық дәрігердің әйелі сау баланы дүниеге әкелді
Коронавирус туралы бірінші болып ескерткен ухандық дәрігердің әйелі дені сау баланы дүниеге әкелді, - деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирус туралы бірінші болып ескерткен ухандық дәрігердің әйелі дені сау баланы дүниеге әкелді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Пэнпай" мәліметінше, әйел мен сәбидің жағдайы қазір жақсы, баланың дені сау. Ухандық дәрігердің әйелі Фу Сюэцзе WeChat әлеуметтік желісіндегі парақшасында "Жолдасым, жұмақта көрдің бе сәбиді? Сенің маған жасаған соңғы сыйлығын бүгін дүниеге келді" деп жазған екен.
Еске салайық, Уханның Орталық ауруханасының дәрігері былтыр 30 желтоқсанда әріптестеріне теңіз өнімдері сатылатын "Хуанан" базарында жеті бірдей оқиға тіркелгенін айтқан. Ол жаңа коронавирус басқа штам түріне жататынын білмеген. Дәрігердің жазбасы желіде тарап кеткен болатын.
Дәрігер Ли Вэньлян © CNN
Ухандық дәрігер коронавирус туралы 2019 жылы ескерткен
Түн уақытында Ухандағы денсаулық сақтау басқармасының шенеуніктері дәрігерді шақырып, неліктен қауесет таратып жүргенін түсіндіруді талап еткен. Артынша дәрігер полициядан ресми ескерту алып, оған қоғамдық толқу тудыруы мүмкін қауесетті таратты деген желеумен айып тағылған еді.
Алайда тек бір айдан кейін Қытайдың Жоғары соты бұл ақпаратты жасырып қалудың қажеті жоғын мойындаған. Ал дәрігер бұл уақыт аралығында науқастарға көмек көрсетуін жалғастырған. 10 қаңтарда Ли Вэньлян өзін нашар сезінген, сонымен қатар, оның туыстары да ауырып қалған. Бірінші ақпанда дәрігер 2019-nCoV вирусын жұқтырғанын айтқан. Кейін дәрігердің қайтыс болғаны хабарланды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также