06 ақпан 2020 23:41

Коронавирус туралы бірінші болып ескерткен ухандық дәрігер қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© globaltimes.cn © globaltimes.cn

Алғашқылардың бірі болып коронавирус туралы ескерткен ухандық дәрігер қайтыс болды. Алғашында ол жалған ақпарат таратты деп айыпталған еді, - деп хабарлайды Global Times.


Алғашқылардың бірі болып коронавирус туралы ескерткен ухандық дәрігер қайтыс болды. Алғашында ол жалған ақпарат таратты деп айыпталған еді, - деп хабарлайды Global Times.

Басылым мәліметінше, Ли Вэньлян 6 ақпанда Уханда қайтыс болған. Оның коронавирус жұқтырғаны 1 ақпанда расталған. 

Уханның Орталық ауруханасының дәрігері былтыр 30 желтоқсанда әріптестеріне теңіз өнімдері сатылатын "Хуанан" базарында жеті бірдей оқиға тіркелгенін айтқан. Ол жаңа коронавирус басқа штам түріне жататынын білмеген. Дәрігердің жазбасы желіде тарап кеткен. 

Ухандық дәрігер коронавирус туралы 2019 жылы ескерткен

Түн уақытында Ухандағы денсаулық сақтау басқармасының шенеуніктері дәрігерді шақырып, неліктен қауесет таратып жүргенін түсіндіруді талап еткен. Артынша дәрігер полициядан ресми ескерту алып, оған қоғамдық толқу тудыруы мүмкін қауесетті таратты деген желеумен айып тағылған. 

Алайда тек бір айдан кейін Қытайдың Жоғарғы соты бұл ақпаратты жасырып қалудың қажеті жоғын мойындаған. 

Ал дәрігер бұл уақыт аралығында науқастарға көмек көрсетуін жалғастырған. 10 қаңтарда Ли Вэньлян әлсіреп қалған, сонымен қатар, оның туыстары да ауырып қалған. Бірінші ақпанда дәрігер 2019-nCoV вирусын жұқтырғанын айтқан. 

Еске салайық, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Ухан қаласында белгісіз дерттің таралғанын хабарлаған. Мамандар аурудың қоздырғышын анықтаған - 2019-nCoV жаңа коронавирусы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жағдайды халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп таныды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети