ПОДЕЛИТЬСЯ
03 наурыз 2020 | 13:53
Коронавирус Үндістанға жетті - БАҚ
Үндістанның екі тұрғыны коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды The times of India.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Үндістанның екі тұрғыны коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды The times of India.
Басылымның мәліметінше, вирусты жұқтырғандардың бірі таяуда Италияда болса, екінші Дубайда болып қайтқан. Сондай-ақ, тағы бір адамның коронавирус жұқтырған болуы мүмкін екені айтылады.
"Дәрігерлер сараптама алған. Нәтижесі вирустың барын көрсеткен, алайда олар сараптаманы қайта тексеруге жіберген. Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандар карантинге жатқызылуы керек", - дейді дереккөз.
Әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін
Еске салайық, бүгін коронавирустың тағы бес елде анықталғаны хабарланды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда вирустың жаңа түрін жұқтыру дерегі азайып келеді, алайда басқа елдерде ҚХР-дағы жұқтыруға қарағанда 9 есе өскен. Коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі бүгін тағы бес елде тіркеліп отыр - Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунис. Ұйымдағылар Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапониядағы жағдайға алаңдаулы.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также