10 наурыз 2020 | 10:56

Коронавирусқа байланысты Италия түрмелерінде қақтығыс болып, 7 адам қаза тапты

© pixabay.com

Коронавирусқа байланысты Италия түрмелерінде қақтығыс болып жатыр, - деп хабарлайды Reuters

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирусқа байланысты Италия түрмелерінде қақтығыс болып жатыр, - деп хабарлайды Reuters

Басылымның мәліметінше, түрмедегілерге жақындарымен кездесуге тыйым салынған соң сотталушылар наразылық білдіре бастаған. 

Реклама
Реклама

Сондайа-ақ, Италияның бірнеше қаласындағы түрмеделерде де жаппай тәртіпсіздік болып жатқаны айтылады. Сотталушылар түрмеден қашып кетпекші болған. 

Осылайша олар коронавирустың жаңа түрінің таралуына байланысты амнистия қабылдауын сұрайды.

Басылымның мәліметінше, наразылық шаралары кезінде жеті адам қаза тауып, 18 адам жарақат алған.

Еске салайық, мұның алдында италиялықтарға коронавирусқа байланысты үйден шықпауға кеңес берілген еді.

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Ухандағы белгісіз пневмонияның белең алуы туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді - COVID-19.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная