Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны қабылдағандарда иммунитет пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны қабылдағандарда иммунитет пайда болды РИА Новости©

Ресейлік вакцинаны қабылдаған барлық еріктіде коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болған. Бұл туралы Сеченов университеті дәрілерді клиникалық зерттеу орталығының жетекшісі Елена Смолярчук мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік вакцинаны қабылдаған барлық еріктіде коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болған. Бұл туралы Сеченов университеті дәрілерді клиникалық зерттеу орталығының жетекшісі Елена Смолярчук мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

20 шілдеде Сеченов университетінде коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізген еріктілердің екінші тобы үйіне жіберілді.

"Барлық еріктінің иммунитеті болды... Бұл вакцинаны қабылдағаннан кейінгі жеке реакция, бірақ әдетте ол бірнеше күнді алатын. Бірінші қорғаныс бірнеше күнде болады", - деді Смолярчук вакцинациядан кейін иммунитеттің қаншалықты тез дамитыны туралы сұраққа жауап берген кезде.

Оның айтуынша, үш аптадан кейін иммундық жүйенің реакциясы басталған кезде, қорғаныстың шегі болады. Смолярчуктің сөзінше, вакцинациядан болатын иммунитеттің қанша уақытқа созылатынын айту қиын, себебі ғалымдар бұл сұраққа клиникалық сынақтардың келесі кезеңінен кейін жауап беруі керек.

"Егер вакцина өзінің тиімділігін дәлелдесе, оны тіркейміз. Тіркеуден кейін кең ауқымды зерттеулер басталады. Оған көптеген адам қатысып, вакцинациядан өтеді және бақылауда болады. Содан соң ғана иммунитеттің қанша уақытқа созылатынына жауап бере аламыз", - деді Смолярчук.

18 маусымда Сеченов университетінде Гамалеи атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығы жасаған вакцинаның клиникалық сынақтары басталған болатын.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети